Қоғам

Атырауда 16 жастағы бойжеткенді қатарластары пәтерде аяусыз соққыға жыққан

Әлеуметтік желіде Атырауда түсірілген видео тарады. Кадрларда бойжеткеннің өз қатарласын пәтер ішінде ұрып-соғып жатқаны көрінеді.

Фото: видео-скрин

Оқиға 13 сәуір күні болғаны анықталды. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша төрт күдікті анықталып, олардың барлығы жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ 16 жастағы жасөспірімге қатысты жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданған. Комиссия оның әрекетіне құқықтық баға беріп, тиісті шешім қабылдайды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі