Әлеумет

Атырауда екі жолаушылар автобусы соғысты: алты адам зардап шекті

Атырауда екі қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан алты жолаушы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Фото: ашық дереккөз

Бұл уралы "Ақ Жайық" басылымы хабарлады.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 22 маусым күні таңғы сағат 08:00 шамасында Амандосов көшесінде болған.

Алдын ала деректер бойынша, қозғалыс кезінде Yutong маркалы автобустың тежегіш жүйесі істен шыққан. Көлікті тоқтата алмаған жүргізуші жол жиегінде тұрған дәл осындай маркалы екінші автобуспен соғысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты жолаушы түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті материалдар жинақталуда», – деп хабарлады полиция.

Оқиғаның мән-жайы мен нақты себептері анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі