Оқиғалар

Атырауда ер адам әйелінің көңілдесінен 2,5 миллион теңге бопсалаған

Атырауда ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал қылмыстық іске ұласты.

gov.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, 35 жастағы ер адам үйіне ерте келіп, әйелін басқа ер азаматпен бірге көріп қалған. Ол  күш қолданып, кейін 2,5 миллион теңге талап еткен.

Ақпаратқа сәйкес, жәбірленуші талап етілген ақшаны беруге келіскен. Алайда үйден шыққаннан кейін бірден құқық қорғау органдарына жүгінген.

Күдікті ақшаны алу кезінде қолға түсті.

Аталған дерек бойынша бопсалау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі