Қоғам

Атырауда шетелдік нөмір таққан көлік жүргізушілері наразылыққа шықты

Атырауда шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелері қаладағы орталық стадион маңына жиналып, басқа өңірлерден келген арнайы полиция қызметкерлерінен жүргізіліп жатқан рейдтер бойынша түсініктеме беруді талап етті.

Фото: Ақ Жайық

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы күндері қалада полиция тексерістері күшейіп, қосымша күштер тартылған.

Осыған байланысты транзиттік нөмірлі көлік жүргізушілері наразылық білдірген.

Бейресми мәлімет бойынша, Атырауда шетелдік нөмірлі 5 мыңнан астам көлік бар. Көліктердің көбі Грузия мен Арменияда тіркелген.

Оқиға орнына полиция, әкімдік, прокуратура және ҰҚК қызметкерлері келген. Алайда жүргізушілер нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілмегенін айтты. Ал полиция департаменті өңірде күшейтілген профилактикалық шаралар өтіп жатқанын хабарлады.

Сайт Әкімшілігі