Атырауда СОБР рота командирі жанжалдан кейін қызметінен босатылды
Атырауда арнайы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) рота командирі Нұрбахыт Басаров қызметінен босатылды. Бұған әлеуметтік желіде тараған, қызметкерлерге қол көтеру мен бейәдеп сөздер қолданылған видео себеп болған.
Бұл уралы «Ақ Жайық» басылымы жазды.
“Қызметтік тексеру барысында қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталды. Тәртіптік комиссия шешімімен Басаров ішкі істер органдарынан шығарылды. Ал қалған қызметкерлерге толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту берілді”, – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасының басшысы Нуржан Шаеденов.
Сәуір айының басында әлеуметтік желілерде полиция басшылығының қарамағындағы қызметкерлерді бейәдеп сөздер айтып, қол жұмсап сөгіп жатқан видеосы тараған болатын.
Басылым мәліметінше, видеода СОБР командирі Еркебұлан Сапанов, сондай-ақ рота командирлері Ерік Қарабаев пен Нұрбахыт Басаров болған.