Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шықты
Атырау тұрғыны Ақбаян Мұқанғалиева Психикалық денсаулық орталығындағы ем қабылдау курсынан кейін ауруханадан шықты.
Қазір ол жақындарының бақылауында.Ақбаян балаларымен кездесіп, денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған оңалту шараларынан өтіп жатыр. Оның мақсаты қалыпты өміріне қайта оралу.
Туысының айтуынша, қазіргі жағдайы жақсы. Дегенмен толық сауығуы үшін уақыт пен жақындарының қолдауы қажет.