Қоғам

Атыраудағы қанды оқиға: Сотта Сәрсемәлиевтің енесінің алтындарын ломбардқа өткізген сәті көрсетілді

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Іс барысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиевтің марқұм Нәсіп Өтешқалиеваның алтын бұйымдарын ломбардқа өткізген сәті түсірілген бейнежазба сотта көрсетілді.

Фото: видео-скрин

Сот отырысында іс материалдарына қатысты өзге де мән-жайлар талқыланды. Айыпталушы Сәрсемалиев өз кінәсін ішінара мойындаған. Сот барысында марқұмдарға келтірілген жарақаттар туралы мәліметтер де жария етілді.

Айыпталушының айтуынша, ол қайын атасы Мақсот Қарабалин, енесі Нәсіп Өтешқалиева және қайын әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаға қатысты әрекеттер жасағанын айтқан.

Алайда әйелінің ағасы Наурыз Қарабалинге қатысты айыпты толық мойындамай, бұл жағдайды «абайсызда болған» деп түсіндіріп, өзін қорғау әрекеті ретінде сипаттаған. Сот процесі жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі