Қоғам

Атыраудағы қылмыс: Сотта Сәрсемалиевтің қылмыстан кейін әйелімен бірге Қазақстаннан қалай шыққаны көрсетілді

Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты сот процесінде жаңа бейнежазба ұсынылды.

Фото: видео-скрин

Кадрларда Сұлтан Сәрсемалиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның қылмыстан кейін Қазақстан аумағынан шыққан сәті бейнеленген.

Бейнежазба кезекті сот отырысында дәлелдемелердің бірі ретінде көрсетілді. Онда атышулы қылмыстық іске негіз болған оқиғалардан кейін шекарадан өту сәті таспаға түскені көрінеді.

Сот отырысында тараптар ұсынылған материалдарды қарап, іс бойынша мән-жайларды анықтауды жалғастырды.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр.

Сайт Әкімшілігі