Қоғам

Атыраулық депутат Тимур Құлыбаевқа тиесілі кен орнын мемлекетке қайтаруды сұрады

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Сырымбек Сәрсембаев Президентке үндеу жолдап, қазіргі уақытта Тимур Құлыбаевқа тиесілі құрылымның иелігіндегі Айранкөл мұнай кен орнын мемлекет меншігіне қайтаруды ұсынды.

Фото: из открытых источников

Депутаттың айтуынша, кен орны бұрын мемлекеттік мұнай-газ жүйесінің құрамында болған, алайда кейін қандай негізде екені белгісіз жағдайда жекеменшікке өтіп кеткен. Бұл туралы ақпаратты Energy Monitor басылымы жариялады.

Қазір Айранкөл кен орнын пайдаланушы – «Каспий нефть» компаниясы. Ашық деректерге сәйкес, компанияның жалғыз иесі Тимур Құлыбаев болып саналады. Кен орнын игеру жөніндегі қолданыстағы келісімшарттың мерзімі 2029 жылы аяқталады. Соған қарамастан компания оны тағы 10 жылға ұзарту рәсімін бастап кеткен.

Сонымен қатар депутат өңірдегі мұнай саласының болашағына қатысты мәселе көтеріп, жаңа кен орындарын іздеу үшін геологиялық барлау жұмыстарына бөлінетін қаржыны көбейтуді ұсынды.

Сайт Әкімшілігі