Саясат

Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Ғұмар Серғазин Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Фото gov.kz

Тиісті өкімге президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Серғазин Ғұмар Екпінұлы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.

Ғұмар Серғазин 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2008 жылы Астананың Сарыарқа ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында бастаған. Кейін банк, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика салаларында еңбек етті.

2017–2023 жылдары Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. 2023 жылдың наурызынан 2025 жылдың сәуіріне дейін Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментін басқарды.

2025 жылғы 28 сәуірде Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік 2025 жылғы наурызда құрылды. Ведомствоны бұрынғы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев басқарады.

Сайт Әкімшілігі