Қоғам

Аттракционнан секіріп мерт болды: ұйымдастырушылар 8 жылға дейін сотталуы мүмкін

Қарағанды полицейлері роупджампинг аттракционынан секірген 33 жастағы келіншектің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарады, — деп хабарлайды «Жас Алаш» .

Jasalash.kz

Қайғылы оқиға кеше, 10 қазанда болды. Дәрігерлер жәбірленушінің өмірі үшін күрескенімен, құтқара алмады. 

"Қылмыстық іс жаңа ашылған мәліметтерге байланысты ҚР ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігінен 3-бөлігіне өзгерді. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс аясында полиция аттракционды ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын анықтайды және қауіпсіздік ережелерін тексереді", — деді полиция өкілдері.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега