Қоғам

Атырау – Индер тасжолында жол апатынан бір адам қаза тауып, көлік өртенді

7 қарашада облыстық маңызы бар Атырау – Индер автожолының 17-шақырымында Toyota Sienna және Niva көліктері соқтығысты.

Фото: ашық дерекккөз

Жол апаты салдарынан Niva көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал Toyota Sienna толықтай өртеніп кеткен.

Полицияның мәліметінше, облыс жолдарындағы апаттардың негізгі себептері – жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қарсы бағыттағы жолаққа шығу және басып озу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты