Атырау облысында коронавирус жұққан алғашқы үш адам анықталды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 27 наурыз түсте Атырау облысында үш адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Елде қазір 124 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда — 48 адам, Нұр-Сұлтанда — 61 адам, Қарағандыда — төрт адам, Жамбыл облысында — үш адам, Шымкентте — екі адам, Алматы облысында — бір адам, Ақтөбе облысында — бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында — бір адам, Атырау облысында үш адам.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді.