Саясат

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Атырау қаласының әкімі болып Данияр Таханов тағайындалды.

Фото ашық дереккөз

Кадрлық тағайындау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарымен келісіліп, Атырау облысы әкімінің өкімімен жүзеге асқан.

Данияр Таханов 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Бейжіңдегі Қытай мұнай университетін "Өндірістік-коммерциялық басқару" және "Өндірістік экономика" мамандықтары бойынша тәмамдаған. "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2009 жылы "ҚазҚұрылысСервис" АҚ-да бастаған. 2012 жылы Sinopec Engineering компаниясының Қазақстандағы филиалында инженер болып жұмыс істеді.

2012–2017 жылдары "Орал" ӘКК басқарма төрағасының орынбасары және Atyrau Innovations ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

2017–2022 жылдары "Атырау" ӘКК АҚ-да басқарма төрағасының орынбасары, кейін басқарма төрағасы болды. 2022 жылдың мамырынан бері "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған.

Сайт Әкімшілігі