Қоғам

Атырауда "ҚазАвтоЖол" АҚ еншілес ұйымының бас бухгалтері 35 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Анықталғандай, бас бухгалтер заңсыз түрде төлемдерді есептеп, ұйымның қаражатын өзінің жеке банктік шотына аударып отырған.

Фото: ЖИ

Атырау көлік прокуратурасы өңірдегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп жүргізген прокурорлық тексеру барысында "ҚАЖсервис" ЖШС филиалының 34,8 млн теңге көлеміндегі қаражатын жымқыру дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Атырау қаласының № 2 сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жыл мерзімге айыра отырып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"ҚАЖсервис" ЖШС-нің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сайт Әкімшілігі