Атырауда 800 миллионға жөндеуден өткен театр өртенді
Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театры өртенуде. Облыстық төтенше жағдай қызметі хабарлағандай, өрт туралы сигнал сағат 13.
30-да келіп түскен, қазір ғимарат ішіндегі электр қалқаны тұтанғаны белгілі болып отыр.
Айта кетейін, осыдан екі ай бұрын алты жүз орындық драма театры күрделі жөндеуден өтіп, тапсырылған еді. Бұл жұмысқа анау-мынау емес, 800 миллион теңге бюджет қаражаты жұмсалған. Бұған дейін де 2014 жылы театрдың қасбеті, 2006 жылы күрделі жөндеу жасалды. Осыншалық күш пен қаржыны қажет еткен драма театрының қанша шығын шеккені әзірге белгісіз.
Фотолар автордікі.