Әлеумет

Атырауда жаңа дүкеннің ашылуында адамдар бірін-бірі таптап кете жаздады

Атыраудағы Алмагүл шағынауданында жаңа бутиктің ашылуы кезінде адам көп жиналып, дүкенге кіреберісте иін тірескен кезек пайда болды.

Фото скриншот / ЖИ арқылы өңделді

Дүкен келушілерді футболкалардың төмен бағасымен қызықтырған. Арзан тауар алуға келгендердің қарасы көбейіп, салдарынан бутикке кіреберісте адамдар бір-бірін итеріп, кептеліс туындаған.

Дүкен ұйымдастырушылары келушілерге тәттілер мен жеміс-жидек те ұсынған. Дастарқан маңында да адам көп жиналып, тұрғындар қойылған тағамдарды жаппай алуға ұмтылған.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан ауыр жарақат алғандар жоқ. Бірнеше адамның денесі көгеріп, жеңіл жарақат алғаны айтылады.

Оқиғаға байланысты полиция немесе басқа да құзырлы органдардың ресми түсініктемесі әзірге көрсетілген жоқ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Атырау