Әлеумет

Атыраулық әйел пәтеріне отыз тонна қоқыс жинаған

Атыраудағы бір үйден жиырма жылдан бері жиналып кележатқан отыз тоннадан астам қоқыс-қалдық шығарылды.

Jasalash.kz

Шіріген қалдықтың исіжер-көкті алып, егеуқұйрықтар үйді басып кетуге айналған кезде ондағытұрғындардың да шыдамы таусылады. Олардың өтініші бойынша Атырау қаласыныңәкімдігі арнайы комиссия құрып, оның мүшелері аталған пәтерді өз көздерімен келіпкөреді.

-Бұл үйдежалғызбасты әйел тұрады. Жақын жердегі контейнерлерден қалдықтарды үйіне тасуоның әдетіне айналған. Екі бөлмесі де мусорға толып тұр. Қазір шіріп, мүңкіп,тұрудың өзі мүмкін болмай кетті, — дейді осы үйде тұратын Александра ПАК.Тағыбелгілі болғаны, антисанитарияның ошағы болған пәтер барлық коммуналдыққызметтерден ажыратылған.

-Белгіліболғандай, пәтер иесі 1959 жылы туған Н. деген азаматша. Қолында кеңес үкіметікезіндегі төлқұжаты ғана бар, сондықтан, зейнетақы алмайды. Қазіргі күні қиынжағдайда қалған тұрғындарды әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды, бұл мекемеоның жеке бас құжатын, зейнетақысын рәсімдеп, медициналық және психологиялықкөмек көрсететін болады, -  дейді қалалықжұмыспен қамту орталығының басшысы Нұрлы ХАБИЕВА.

Берекесіз кеткен пәтерді екі күн бойына тазалаған«Арнайыавтобаза» ЖШС-ның он қызметкері осы уақыт ішінде отыз тоннадан астамқоқыс шығарған. Ол үшін үш «КамАЗ» автокөлігі қолданылған. Қазір қалалық тұрғынүй коммуналдық қызмет бөлімі үйді егеуқұйрықтан тазарту үшін деротизациялауменайналысуда.

Фотоларды автор ұсынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега