Қоғам

Атыраулық оқушылар көшеден 300 мың теңгесі бар әмиян тауып, полицияға тапсырды

Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданында бір топ оқушы көшеден қомақты ақша салынған әмиян тауып алды.

Фото: полиция

Балалар ақшаны өздеріне қалдырмай, иесіне қайтару үшін полицияға жүгінген.

Әмиянның ішінде 300 мың теңгеге жуық қаражат болған. Оқушылар олжасын патрульдік полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Полицейлер көп ұзамай әмиянның иесін анықтап, жоғалған ақшасын өзіне қайтарып берді.

Сайт Әкімшілігі