Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендер жаңа үй немесе өтемақы ала алады
Жаңа үй немесе өтемақы – өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға таңдау ұсынылды. «Архимед Мұхамбетов эвакуацияланған тұрғындар уақытша тұрып жатқан мектепке барды.
Аймақ басшысы зардап шеккендердің жаңа үй немесе өтемақы алуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылады», – деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жергілікті құзырлы орган мәліметінше, әкімдік резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда қызыл жалын шарпыған аумақтардан 1 800-ден астам адам эвакуацияланған.