Саясат

Австралия мен Голландия Ресейге ресми түрде айып тақты

Австралия мен Голландия MH 17 рейісімен ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының апатына ресми түрде Ресейге кінә тақты.

Jasalash.kz
Голландияның сыртқы істер министрі Стеф БЛОКТЫҢ мәлімдемесі үкімет сайтында жарияланды. Бұл туралы Жас Алаш сайты novayagazeta.ru сілтеме жасап хабарлайды.Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы 17 шілдеде «Малазия әуе желілері» компаниясының МН17 рейісімен ұшып бара жатқан Боинг-777 шығыс Украинаның аймағында апатқа ұшырап, 298 адам дүние салған еді. Марқұмдардың көбі Голландияның азаматтары болған.Бейбіт ұшақты  Курск түбінде орналасқан сепаратисттердің  53-зенит-зымыран бригадасы қару-жарағы есебінде болған «Бук» өздігінен жүретін қондырғысынан атып түсірген. Кеше Голландияның  Бюнник қаласында өткен баспасөз мәслихатында 2014 жылы жазда Донбасс әуесінде болған жолаушылар ұшағы апатына қатысты қозғалған қылмыстықісті тексеріп жатқан Біріккен тергеу тобы (Joint Investigation Team, JIT) осылай деп ресми түрде мәлімдеген. «Бук» қаруының Ресейден сепаратисттер басып алған аймаққа алып келінгені де анықталған.

Фото: apostrophe.ua

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега