Әлеумет

«Автобус жүргізушісі дабылды тыңдамай теміржолға шығып кеткен»

Шамалған станциясындағы жол көлік оқиғасынан 1 адам мертболып, 9 адам жараланған.

Jasalash.kz

Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктеріжетті. Оқиға орнында тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкіміЖандарбек ДАЛАБАЕВ Шамалған станциясында. Жақын маңдағы ауруханалар күшейтілген режимдежұмыс істеп жатыр. Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат ЖҮКЕЛДІҢ хабарлауынша, автобус жүргізушісі көз жұмған. 

Пойыз шамамен сағат 19-20 кезінде автобусты соққан.Теміржол көлігі Екатеринбург-Алматы бағытында кетіп бара жатқан. Индустрия жәнеинфрақұрлымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан ИМАНҚҰЛОВТЫҢ айтуынша, автобусжүргізушісі дабыл берілгеніне қарамай темір жолға шығып кеткен.

Фото: tengrinews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега