Әлеумет

Алматыдағы тұңғыш Президент саябағы қашан ашылады?

Алматыдағы Президент саябағын жөндеу жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

Фото: gov.kz

Ал саябақты тұрғындар үшін қайта ашу келер жылдың наурыз-сәуір айларына жоспарланып отыр.

Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков мәлімдеді.

Қазір саябақ аумағында абаттандыру және инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен соқпақтар жаңартылып, гранит жабындысы төселуде. Сонымен қатар ағаштан жасалған экотропалар салынуда.

Саябақтағы автосуару жүйесі де жаңғыртылады. Бұдан бөлек, қолданыстағы тоғандар тазартылып, аумақта жаңа су айдындарын жасау көзделген.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін саябақ 2027 жылдың көктемінде келушілерге қайта ашылады.

Сайт Әкімшілігі