Әлеумет

Елімізде мобильді аударымдарды тексеру шегі көтерілді

Үш ай қатарынан азаматтың шотына ай сайын 100 немесе одан көп түрлі адамнан ақша түсіп, осы аударымдардың жалпы сомасы 1 млн 557 мың теңгеден асса, ол салықтық бақылауға ілігеді.

Фото: pixabay.com

Бұл ретте екі талап та қатар орындалуы қажет. Яғни, тек аударым сомасының шектен асуы немесе ақша жіберушілер санының көп болуы өз алдына тексеруге негіз болмайды.

Жеке мақсатта жасалған аударымдарға автоматты түрде салық салынбайды. Бақылаудың негізгі мақсаты – жеке шот арқылы кәсіпкерлік табысын жасыру жағдайларын анықтау.

Сайт Әкімшілігі