Қоғам

Атырауда буллингке ұшыраған алтыншы сынып оқушысы мектепке пышақ алып келген

21 қазанда Атыраудағы № 14 мектепте алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал болған.

Фото: ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылардың бірі мектепке пышақ алып келіп, өзін ренжіткен сыныптастарымен есеп айырысатынын айтып қорқытқан.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, бала сыныптастары тарапынан буллингке ұшыраған болуы мүмкін. Бір кезде ол қарсылық көрсетуге бел буып, мектепке пышақ алып келген. Оны басқа балаларға көрсетіп, өзіне тиісіп жүргендерден кек алмақ болғанын аңғартқан.

Оқушылар бұл туралы мұғалімге хабарлаған. Педагог полиция мен жанжалға қатысқан балалардың ата-аналарын шақырды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал болғанын және олардың бірінен пышақ табылғанын растады. Алайда пышақтасу болды деген қауесетті жоққа шығарды.

Сайт Әкімшілігі