Әлеумет

Алматыда қатты жер сілкінісі сезілді

28 қыркүйек күні шамамен сағат 09:30–дарда Алматыда жер сілкінісі сезілді. Қала тұрғындары жерасты дүмпуі қатты сезілгенін хабарлап жатыр.

Фото: из открытых источников

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 06:32–де де сейсмикалық оқиға тіркелген. ТЖМ-ге қарасты Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы сол жолғы дүмпудің Алматыда ресми есеп бойынша сезілмегенін хабарлаған еді.

Сағат 09:30 шамасында сезілген жаңа дүмпуге қатысты ТЖМ мен сейсмологтардың ресми мәліметі әзірге жарияланған жоқ.

Сайт Әкімшілігі