Саясат

Аягөздіктерге көмекке келгендер полициядан қысым көрді

Кеше 13 наурыз күні сағат таңғы 04.00-де су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында Астанадан шығып, өз қаржымызға көлік жалдап, 1500 шақырымдай темір тұлпарды терлетіп, сағат 22.

Jasalash.kz
20-ларда зардап шеккен Халықтың уақытша орналастырылған Интернатқа келіп жеттік!Зардап шеккендер әлі ұйықтамаған екен, өзімізді жеке азаматтар ретінде таныстырып, жөн сұрастырып жатқан кезде «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН жергілікті билік тарапынан күш қолданылып, түнімен полиция тарапынан өзіміз жалдаған көлікті заңсыз тексеру іс-әрекеттері жүргізілді!Оның үстіне, осының барлығы бейнетаспаға жаздыңыздар деп үстімізден арыз жазып, іс қозғалуда! Мінекей, қолдау көрсетуге келген азаматтарға осындай қиянат жасауға қарағанда Аягөзде болған апаттың ақ-қарасын жасырып отырғанның белгісі деп есептеймін! Себебі, ақсақалдардың айтуынша бұндай жағдай бұрын-соңды болмаған! Су қоймасы дамбы жарылып кеткенге ұқсайды!!!Аймақ әкімі ДАНИАЛ АХМЕТОВТЫҢ өзі біздің келе жатқанымызды естіп қана амал жоқтан апаттың орын алған 3-інші күні ғана кеше Аягөзге келіп кеткен! Не себептен апат болған бірінші күні зардап шеккен Халықпен бірге болған жоқ?! Бүгінгі күні апаттан зардап шеккен Аягөзге Үкіметтен бір де бір Министр, 1 миллионға жуық айлық алатын бір де бір Парламенттен Депутат келген жоқ! Даниал Аxметовтың өзі апаттың 3-інші күні келді!Қарағандының шаxтерлерімен де дәл осындай жағдай болған! Тура қайталануда! Халықты қинау деген осы! Нұр Отанымен қоса мемлекеттік жүйе әбден іріді!Сырым ӘбдрахмановЖазба автордың  facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынды.Фото:24.kz
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега