"Аямай ақша жинаған": Садыр Жапаров 15 шекарашы мен кеден қызметкерінен жұмыстан босатты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Баткен облысына сапары кезінде кеден және шекара қызметкерлерінің пара алғанын мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өткізу бекеттерінің біріне жасырын камера орнатқан. Жапаров бейнежазбаны өзі көргенін айтты.
"Жақында 15 шекарашы мен кеден қызметкері ұсталды. Олар ақша жинаған. 15 күн бойы екі адам конвейер сияқты жұмыс істеген. Жүргізуші келіп, шайхана алдына ақша қалдыратын", – деді Садыр Жапаров.
Ол қызметке кіріскеннен кейін елге контрабандалық тауарлардың өтуіне жол бермеуді және импорттан тиісті кедендік баждардың толық төленуін талап еткенін еске салды. Президенттің сөзінше, контрабанда тоқтамаса, мемлекет түрлі жобаларды қалай қаржыландыра алады деген сұрақ туындайды.
Айта кетейік, жұма күні Садыр Жапаров Шекара қызметі мен Кеден қызметінің басшыларын қызметінен босатқан.