Без Категории

«Айбын» орденіне екінші дүниежүзілік соғыс батырларының есімдері беріледі

ҚР Сенаты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды талқылады.

Фото: из открытых источников

Құжатта «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру көзделіп отыр.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы даңқты батырлардың әскери ерлігін еске алуға ықпал етеді, сондай-ақ жалпыұлттық сананы, қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайтуға және әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға жәрдемдеседі.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Фото: ҚР Сенаты

 

Nurbike Beksultan
Тегтер: сенат