Айдарбек Қожаназаров Respublica партиясының төрағасы болып қайта сайланды
Айдарбек Қожаназаров Respublica партиясының төрағасы қызметіне қайта сайланды.
Мұндай шешім Respublica партиясының Астанада өткен V кезектен тыс съезінде қабылданды.
Съезд делегаттары Айдарбек Қожаназаровтың өкілеттігін ұзарту туралы шешім қабылдады. Партия жарғысына сәйкес, төраға үш жыл мерзімге сайланады. Осылайша, ол Respublica партиясын 2029 жылға дейін басқаруды жалғастырады.
Съезд жұмысына партия басшылығы, орталық және өңірлік кеңестердің мүшелері, филиал төрағалары, сондай-ақ жастар және әйелдер қанатының өкілдері қатысты.
Айта кетейік, кейкнгі апталарда Қазақстандағы бірнеше саяси партияның басшылығы ауысты. Қазақстан халық партиясының төрағасы болып Ермұхамет Ертісбаевтың орнына Нұрсұлтан Шоқанов сайланды. Ақ жол демократиялық партиясында Азат Перуашевтің орнына Дания Еспаева келді. Ал Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы болып Қайрат Айтуғанов сайланды.
Сонымен қатар, маусым айында Amanat партиясы Әділет партиясымен бірігетінін мәлімдеген болатын. «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады.