Әлеумет

«Әйелді ұру – ерлік емес»: Бас мүфти отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қатысты мәлімдеме жасады

Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы ер азаматтарға үндеу жариялады

Фото: ҚМДБ

Ол соңғы уақытта елімізде күйеулерінің зорлық-зомбылығынан өлім құшып жатқан әйелдердің тағдыры жанына бататынын жасырмады.

ҚМДБ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы екенін мәлімдеді. Муфтият әйелдерге қол көтеру мен қатыгездік көрсету ислам құндылықтарына қайшы екенін атап өтті.

ҚМДБ ер азаматтарды отбасылық жанжал кезінде ашуға берілмей, сабыр сақтауға шақырды. Исламда әйел ер адамға Алла Тағала аманат еткен жан саналады, сондықтан оған құрмет пен қамқорлық көрсету қажет.

Муфтияттың айтуынша, отбасы әр адам өзін қауіпсіз сезінетін орта болуы тиіс. Үйде сүйіспеншілік, түсіністік пен өзара құрмет орнауы керек.

«Әйелді азапқа салу – ер азаматқа да, мұсылманға да лайық емес. Нағыз ер адам әйелді қорғап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек», – деп мәлімдеді муфтият.

Сайт Әкімшілігі