Қоғам

«Әйелдердің де әскерде қызмет етуге күші мен жауапкершілігі жетеді» – Экс-қорғаныс министрі

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Мұхтар Алтынбаев әйелдердің де әскери қызмет атқара алатынын айтып, қажет жағдайда ел қорғауға ерлермен қатар әйелдер де дайын болуы керек деген пікір білдірді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Оның сөзінше, ел қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда азаматтардың бәрі бірігіп Отан қорғауға жұмылуы мүмкін.

«Ондай кезде оның ер адам не әйел екенінің айырмасы жоқ», - деді ол. 

Алтынбаев әйелдердің жауапкершілігі жоғары екенін және олардың күш-қуаты да жеткілікті екенін атап өтті.

«Сіздер күйеулеріңізді де жөнге салып, бала да дүниеге әкелесіздер. Сондықтан әйелдердің күші жетпейді деп айту қиын. Мен әйел генералдарды білемін. Күнделікті өмірдегі әйелдердің жауапкершілігі ерлерден жеңіл емес», - деді Алтынбаев.

Бұрынғы министрдің пікірінше, қазіргі қоғамда әйелдер көптеген салада табысты еңбек етіп жүр және әскери қызмет те олар үшін қиын бағыт емес.

Сайт Әкімшілігі