Без Категории

Әйтеновтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана қалалық полиция департаменті Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Астана қаласы ПД өзінің бұрынғы жұбайына дене жарақаттарын келтіру фактісі бойынша азамат А.-ға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізілуде, оның барысында орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады, делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Әйтенов әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 1 бөлігі бойынша, 5 тәулікке қамауға алынған болатын. 

Nurbike Beksultan