Қоғам

Айжан Есмағамбетова бас мемлекеттік санитар қызметінен босатылды

Айжан Есмағамбетова денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды.

Фото: ortkom

Үкімет қаулысында оның басқа жұмысқа ауысуына байланысты деп көрсетілген. 

Есмағамбетова 2022 жылдың ақпан айынан бері министрдің орынбасары және бас санитарлық дәрігер қызметін атқарды. Ол денсаулық сақтау саласында 1990 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Айта кетейік, бір күн бұрын Денсаулық сақтау вице-министрі болып Ардақ Амангелдиев тағайындалған болатын.

Nurbike Beksultan