Азаматтарға арналған үкімет филиалының директоры ұсталды
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті өкілдері Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады.
Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
Ұсталған адам Семейдің уақытша қамау изоляторына қамалды. Өзге ақпаратты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды.