Қоғам

Азаматтық қоғамды дамыту: экологиялық волонтерліктің рөлі күшейіп келеді

Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытуда экологиялық волонтерлік маңызды бағыттардың біріне айналып отыр. Қоғам белсенділігінің бұл түрі азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, әлеуметтік бастамалардың тиімді жүзеге асуына ықпал етуде.

Фото: ащық дереккөз

Соңғы жылдары экологиялық еріктілер саны айтарлықтай өсті. Мәселен, 2024 жылы бұл бағытқа 40 мыңнан астам адам тартылса, 2025 жылы олардың саны 60 мыңнан асып, айтарлықтай өсім көрсеткен. Бұл көрсеткіш елдегі экологиялық сананың қалыптасып келе жатқанын айқын дәлелдейді. Ал 2026 жылдың басынан бері мыңдаған ерікті түрлі жобалар мен акцияларға қатысып үлгерді.

Экологиялық волонтерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаумен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған арнайы бастамалар. Бұл жобалар аясында сарапшылардың қатысуымен оқыту шаралары өткізіліп, жүздеген қатысушы қамтылған. Сонымен қатар арнайы білім беру курстары ұйымдастырылып, көптеген экоактивистер біліктілігін арттырды.

Ел көлемінде ұйымдастырылған экологиялық акциялар да нақты нәтижелер беруде. Мыңдаған еріктінің қатысуымен ағаш отырғызу, аумақтарды тазалау және табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Мысалы, жаппай ағаш отырғызу акциялары барысында жүздеген мың көшет егілді.

Сонымен қатар, еріктілердің қатысуымен экологиялық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаның жағдайына бақылау күшейтілді. Халықаралық деңгейдегі бастамалар да кеңейіп, көрші елдермен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.

Жалпы алғанда, экологиялық волонтерлік азаматтық қоғамды нығайтудың тиімді құралына айналып отыр. Бұл бағыттағы бастамалар халықтың белсенділігін арттырып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Сайт Әкімшілігі