Қоғам

БАӘ-де қазақстандық қыздардың мәйіті табылды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Шарджа қаласында қаза болған Қазақстан азаматтары Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Фото: ашық дереккөз

СІМ мәліметінше, Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың отбасыларына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Консулдық қызметкерлері құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесіп, қазақстандықтардың қаза болу себептері мен мән-жайын анықтау үшін Біріккен Араб Әмірліктерінің құзырлы органдарымен байланыс орнатқан. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

СІМ тергеу барысын бақылауда ұстап отыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: БАӘ Шарджа