Оқиғалар

Бақытжан Базарбек көлігімен қағып кеткен ер адам ауруханадан шықты

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 36 жастағы Нұржигит Қошанов ауруханадан шығарылды.

Фото: әлеуметтік желіден

Ол бір айдан астам уақыт ем қабылдаған. Жол апаты 15 тамызда Жамбыл облысындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автожолында болған. Нұржигит жол үстінде көлік қағып кеткен жануардың өлексесін алып тастау үшін жолға шыққан. Осы кезде оны Базарбек отырған көлік қағып кеткен.

Апаттан кейін ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, комаға түскен. Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Қазір Нұржигит Қошанов ауруханадан шыққанымен, оның толық оңалуына байланысты қосымша ем қажет болуы мүмкін.

Сайт Әкімшілігі