Саясат

Балаева бақытты ма?

Сюцай ілімі туралы «Жас Алаштың»өткен санында «Өз өміріңіздің өлшемдері» атты (№38, 19 мамыр 2020 жыл) мақалажариялаған едік.

Jasalash.kz

Сол мақалада алдағы уақытта елімізге танымал тұлғалардың адамиқасиеттері мен іскерлігі, өзін ортада ұстауы, мақсат-мүддесі секілдіерекшеліктерін екшейтін болжамдарды назарларыңызға ұсынатынымызды айтқан едік.Осыған орай, бүгін біз цифрология ғылымын зерттеп жүрген Құрманғазы Рахметовтіңболжамын ұсынып отырмыз.

Бүгінгі  кейіпкеріміз – Аида Балаева

Қызметі – ақпарат және қоғамдық даму министрі

Туған күні – 4 шілде 1974 жыл

Бұл кісінің санадағы саны  «төрттіктерді» Раху ( шоқжұлдыз түйіні )тікелей қолдайды. Түпсана адамдарды уәдеге берік немесе табанының бүрі жоқ депбөледі. Бұлар жоғарыдан төмен зырлаған отты шар, жарық дүние  жасауға келген. Ақыл-ойы жақсы дамыған,  интеллекті жақсы жұмыс істейді.

Санасы мақсат қоюға бағытталған. Мақсаты көп әрі шексіз. Сол себептен «діттегеніме жете алмаймын ба?» деп қорқақтайды.Барлық жерде адал, креативті.

 97 пайыз энергиясы мойын тұсынадейін, аз бөлігі иығы мен табанында болғандықтан,  өмірге  қанағаттанбаушылығы басым. Көп нәрсені алдын ала болжай алмайды. Түсіндіріпберуге кей кездері тілі жете бермейді. Түйсігі қатты дамыған, көріпкелдігі бар.33 жастан кейін ішкі дүниесі күреске бейімделген. Сананы қатал тәртіп пенрежимде ұстағандығының арқасында ішкі күресті жұмысқа бағыттай білетіні (Мао ЦеДун) көрініп тұр.

Тағы бір ерекше қасиеті –еркіндікті жақсы көреді. Таңның атысы, күннің батысы бір жерде байыз тауып отыраалмайды. Баратын жеріне барып, жүретін жерінде жүргенді ұнатады. Бәсекені, бірнәрсені дәлелдегенді ұнатады. 

Отыз жасқа дейін қолында барынешкімнен аямаған. Ақшасын да таратып қоя беретін болған. Қолы өте ашық,мейірімі мол. Бұл – ерекше қасиет.

Табысты және  ерлер жағынансүйіспеншілікке ие. Есімі – энергияның бір түрі. Кемшілігі: бастаған ісінаяғына дейін жеткізе бермейді. Ішкі жандүниесіне «әйел бақыты» жетіспейді. Менмендігібір басына жеткілікті.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега