Қоғам

Балқаш көлін көлікпен кешкен жүргізуші 5 тәулікке қамалды

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға байланысты полиция Балқаш көлінің жағалауына көлікпен кірген жүргізушінің кім екенін анықтады.

Фото: полиция

Белгілі болғандай, құқық бұзушы – Алматы қаласының 32 жастағы тұрғыны. Ол Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылынан көлігімен көл жағалауына тікелей кіріп кеткен.

Полиция ер адамның әрекетін қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалап, оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.

Сот шешімімен жүргізуші 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 Ал оның автокөлігі арнайы айыптұраққа қойылды.

Сайт Әкімшілігі