Қоғам

Балқашта ер адамды жүк пойызы қағып кетті

Балқаш қаласына кіреберістегі көпір маңында 34 жастағы ер адамды жүк пойызы қағып, ол оқиға орнында қаза тапты.

Фото: ашық дереккөз

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Тергеу аясында қажетті процессуалдық және жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Сайт Әкімшілігі