Бангладеште су тасқынынан 51 адам қаза тапты
Бангладеште толассыз жауған жаңбыр мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуінен болған су тасқыны салдарынан кемінде 51 адам көз жұмды.
Бұл туралы Business Standard басылымы хабарлады.Мәліметке сәйкес, елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысындағы жеті ауданда жағдай күрделене түскен. Толассыз жауған жаңбыр, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі және көшкіндер табиғи апаттың ауқымын ұлғайтқан.
Су тасқынынан 39 адам зардап шекті, ал табиғи апат 1 миллионнан астам тұрғынға әсер еткен.
Нөсер жауын 4 шілдеде Чаттограм өңірінде басталып, кейін көршілес аудандарға таралған.