Банк бөлімшесіндегі қарулы тонау тоқтатылды
Шымкент қаласының Jýsan Bank бөлімшесінде қарулы тонау әрекеті тоқтатылды. Тонаушы банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкерімен залалсыздандырылды.
Банк қызметкерлері мен клиенттері арасында зардап шеккендер жоқ.
Мангельдин көшесі, 43/1 мекенжайы бойынша орналасқан Jýsan Bank-тің №112 БҚО бөлімшесіндегі қылмыс әрекеті кезінде 1971 жылы туылған ер адам ұсталды, ол оқу гранатасын пайдаланып, кассадан қолма-қол ақшаны алу арқылы қылмыс әрекетін ұйғарған болатын.
«Бұл жағдай Jýsan Bank-тің қызметкерлері жұмысына деген жоғары дайындық пен кәсіби біліктілікпен қарайтынына тағы бір рет дәлел деуге болады. Біздің клиенттеріміз Jýsan Bank-тің бөлімшелерінде қажетті банктік қызметтерді қауіпсіз түрде қолдана алады, өзін қауіпсіз сезінуге болады. Осындай күрделі уақытта біз қауіпсіздік шараларын күшейттік және бәріне дайынбыз», – деді Jýsan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.