Экономика

Банктерге ортақ QR-код қашан іске қосылады?

Қазақстанда барлық банкке ортақ бірыңғай QR-код жүйесі 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото: ашық дереккөз

Осы уақытқа дейін екінші деңгейлі банктер техникалық жаңғырту жұмыстарын аяқтап, жаңа жүйеге толық қосылуы тиіс.

Ұлттық банктің мәліметінше, қаржы ұйымдары қазіргі таңда жүйені тестілеу және интеграциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба іске қосылғаннан кейін қазақстандықтар әртүрлі банктердің қосымшаларын пайдалана отырып, бір QR-код арқылы төлем жасай алады.

Сонымен қатар Ұлттық банк сауда нүктелеріндегі терминалдар саны бұрынғыдай кәсіпкердің таңдауы мен банкпен жасалған қызмет көрсету шарттарына байланысты болатынын атап өтті.

Жаңа жүйе қолма-қол ақшасыз төлемдерді жеңілдетіп, банктер арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталған.

Сайт Әкімшілігі