Саясат

Бақауов Мәнізоровтай оралмайды

Павлодар облысынажаңа әкім тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Jasalash.kz

«Павлодар облысының әкімі болып Ысқақов ӘбілқайырБақтыбайұлы тағайындалды», — делінген жарияланған президент жарлығында.

1974 жылы Павлодароблысында туған Әбілқайыр Ысқақов бұған дейін Мемлекеттік кірістер департаментініңбасшысы, Қаржы министрлігі салық комитеті төрағасының орынбасары және 2019жылдың сәуір айынан бері қаржы министрлігінде қаржылық бақылау комитетініңтөрағасы болып қызмет істеген.

Павлодар облысыныңбұрынғы әкімі Болат Бақауов 17-ші қаңтар күні «жемқорлық ісі бойынша» екі айғақамауға алынған. Оған билік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша айыптағылған.

Айта кететін біржайт, бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров таұсталған. Оның үстінен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «алаяқтық бабы»бойынша айып таққан. Бірақ кейіннен Мәнізоров ісінде бас прокуратура ешқандайқылмыс құрамы жоқтығын айтып, оны бостандыққа шығарған. Қазір ол қызметін жалғастыруда. 

Коллаж: Жас Алаш.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега