Саясат

Бақыт Сұлтанов енді саудамен айналысады

Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды. БүгінМәжілістің Экономикалық реформа жәнеөңірлік даму комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Сауда және интеграцияминистрі лауазымына тағайындау үшін Бақыт Сұлтановтың кандидатурасын келісті.

Jasalash.kz

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті жәнеоның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялықзаңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр КеңсесініңБасшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырып, Бақыт Сұлтановтың мол тәжірибесі менқажетті басқару қабілеттеріне ие екенін атап өтті.

Талқылауларданкейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымынатағайындау үшін ұсынылған Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың кандидатурасыкелісіліп, Комитеттің қорытындысы қабылданды.

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы 29қарашада Алматыда дүниеге келген.Экономикажәне бюджеттік жоспарлау министрі, президенттіңкөмекшісі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, премьер-министрдіңорынбасары, қаржы министрі, Астана әкімі болған.

Фото:  Жас Алаш архивінен

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега