Аймақ

«Барахолка» базарынан тағы өрт шықты

Алматыда «барахолка» базарында тағы контейнерлер өртенді.ҚазАқпарат хабарлағандай, 26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірілді.

Jasalash.kz

 Алматы қалалық ТЖД өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, «Алмалы» базарындағы жанып жатқан контейнерлердегі өртті сөндіргенін мәлімдеді. Өртенген аумақ 80 шаршы метр болды.

«Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ», — деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері өрт болған жерді жедел қоршауға алды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега