Бас прокуратура Қордай оқиғасына байланысты мәлімдеме жасады
Бас прокурордыңорынбасары Болат Дембаев Масаншыдағы жанжал кезінде жалған ақпарат таратып, елдіұлтаралық араздыққа шақырғандар жөнінде мәлімдеме жасады.
«2020 жылдың 7-ші ақпанында Жамбыл облысының Қордайауданында жаппай төбелес болды. Қазір кінәлілерді заң бойынша қылмыстықжауапкершілікке тартатын бірнеше іс қаралуда. Жекелеген адамдар осы оқиғаныпайдаланып, жалған ақпарат таратып, ұлтшылдықты негізге ала отырып, заңбұзушылықтарға шақыруда», — делінген мәлімдемеде.
Дембаевтың сөзінше,әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аймақтың және мемлекеттің ұлтаралықтұрғақтылығына қауіп төндіретін жаңа бейне және аудио жазбалар тарауда. Олардыңкейбіреуінің Қордай оқиғасына қатысы жоқ.
«Құқық қорғау органдары жазбаларды таратқан азаматтардыңкімдер екендігін анықтады. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Алматыда1990 және 1987 жылғы азаматтар «Facebook» желісінде ұлтаралық қақтығыстар мензорлық-зомбылыққа шақырған. 2020 жылдың 9-шы ақпанында Тараз қаласында 1983жылғы азамат «Whats App» мессенджері арқылы дәл осындай ақпараттар таратқан.Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 272 бабының 3 тармағы бойынша сотқа дейінгітергеу жұмыстары басталды», — деді Дембаев.
Бұдан бөлек, баспрокурордың орынбасары қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға шақырып,Қордай оқиғасына байланысты ақпараттардың барлығы БАҚ пен ресми органсайттарында жарияланатынын айтты.
Фото: Ашық ақпарат көздерінен.