Саясат

Бас прокуратура заңсыз митингілерге байланысты үндеу жасады

Қазақстанның баспрокурорының орынбасары Болат Дембаевтың үндеуі жарияланды.«6маусымынан бастап „Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстардыұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы“ жаңа Заң (бұдан әрі — Заң)қолданысқа енгізіледі.

Jasalash.kz

Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшінЗаңмен хабарлама жасау тәртібі қарастырылған.

Ұйымдастырушыоларды өткізу күніне дейін бес жұмыс күн бұрын жергілікті атқарушыорганға хабарлама береді, ол үш жұмыс күн ішінде оны қарауға тиіс (Заңның 10,11-баптары). Бұл мерзім аяқталған соң жауап болмаған жағдайда, ұйымдастырушыбейбіт жиналысты өткізеді (Заңның 11-бабы 1-тармағының 3-тармақшасы).

Демонстрациялармен шерулер үшін келісім тәртібі белгіленген. Өтініштер өткізілетін күнгедейін он жұмыс күн бұрын беріледі, ол бойынша жергілікті атқарушыорган жеті жұмыс күн ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12,13-баптары).

Осы уақыт ішіндеұйымдастырушы мен жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды қауіпсізөткізу, оларға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасайды.

Бұл ретте бейбітжиналыстар арнайы орындарда өткізілуі тиіс (Заңның 9-бабы).

Дәл осы сәттежергілікті өкілді органдар осындай орындарды және демонстрациялар мен шерулерүшін жүру маршруттарын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылыққамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынғаніргелес аумақтардың шекараларын айқындау бойынша рәсімді жүргізуде (Заңның 1-бабының3 тармақшасы, 8-бабының 2-тармағы).

Бейбітжиналыстар көрсетілген рәсім аяқталғаннан кейін ұйымдастырылуы және өткізілуімүмкін.

Денсаулық сақтауминистрлігі 2020 жылғы 4 маусымда үндеу таратып, онда карантин кезеңіндеелде бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде митингілерді өткізуге тыйымсалынғанын көрсеткен.

Оны сақтамағаныүшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.

Жаңаданбелгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды ұйымдастыру жәнеоларға қатысу заңсыз болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады (тіпті 15тәулікке қамауға алуға дейін)», — делінген үндеуде.

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега