Әлеумет

Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға қашықтан жұмыс істеуді ұсынды

Қазақстанның мемлекеттік бассанитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуформатына көшіруді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Jasalash.kz

«Бізмүмкіндігінше қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуді ұсынамыз. Тәжірибеде бұлмүмкін жағдай екенін көрсетті. Бұдан жұмыс барысы зардап шекпейді. Әлеуметтікбайланыс аз болған сайын ауруды жұқтыру қаупі аз», — дейді АйжанЕсмағамбетова. 

Сондай-ақ ол қазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын сақтап, маска тағып, қолдыжиі жуып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды.

Еске салайық,Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны — 11 571, оның ішінде 5757адам аурудан айықты. Жалпы 41 адам қайтыс болған. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега